"Қазгидрометтің" мәліметінше, 13 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің орталығы мен оңтүстігінде көбіне жауын-шашын болмайды. Бірқатар өңірде жел күшейіп, тұман түседі, шаңды дауыл соғады. Облыстардың көбінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана: түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыс бағыттарынан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Алматы: түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент: түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C. Күн ала бұлтты болады. Түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысы: түнде +1…+6°C, күндіз +13…+18°C. Түнде облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең орталық бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы – 9-14 м/с.
Ақмола облысы: түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде −3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +13…+18°C. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батыс бағыттарынан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы: түнде +3…+8°C, оңтүстігінде +11°C-қа дейін жылы, солтүстігінде −1°C-қа дейін суық болады. Күндіз +20…+25°C. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты ауыспалы, жылдамдығы 7-12 м/с.
Алматы облысы: түнде +8…+13°C, таулы аудандарда −1…+4°C. Күндіз +19…+24°C, таулы аудандарда +9…+14°C. Түнде оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысы: түнде +10…+15°C, шығысында +7°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +22…+27°C. Жауын-шашын болмайды. Күндіз батысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы: түнде +2…+7°C, таулы аудандарда −3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +12…+17°C, таулы аудандарда +7°C шамасында болады. Солтүстік-батысында жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысы: түнде +7…+12°C, таулы аудандарда +3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +18…+23°C, таулы аудандарда +15°C шамасында болады. Түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Таулы жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысы: түнде +6…+11°C, орталық бөлігі мен таулы аудандарда +1°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +18…+23°C, таулы аудандарда +13°C шамасында болады. Түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысы: түнде +8…+13°C, күндіз +22…+27°C. Жауын-шашын болмайды. Күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысы: түнде 0…+5°C, оңтүстігінде +10°C-қа дейін жылы, солтүстігі мен шығысында −3°C-қа дейін суық болады. Күндіз +11…+16°C, оңтүстігінде +20°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысы: түнде +1…+6°C, солтүстігі мен шығысында −2°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +15…+20°C, оңтүстігінде +23°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысы: түнде +6…+11°C, күндіз +22…+27°C. Жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысы: түнде +12…+17°C, шығысында +9°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +22…+27°C. Жауын-шашын болмайды. Күндіз батысында, оңтүстігінде және орталық бөлігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Батысында, оңтүстігінде және орталық бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысы: түнде +2…+7°C, күндіз +10…+15°C. Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 18 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде +2…+7°C, оңтүстігінде −1°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +11…+16°C, оңтүстік-батысында +19°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысы: түнде +5…+10°C, таулы аудандарда +2°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +20…+25°C, таулы аудандарда +17°C шамасында болады. Түнде оңтүстігі мен тау бөктерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Батысында, таулы аудандар мен тау бөктерінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысы: түнде +3…+8°C, солтүстігі мен шығысында −2°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +17…+22°C. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.