11 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, желдің екпіні секундына 23–28 метрге жетеді, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометтің болжамына сілтеме жасап хабарлайды.
Үш мегаполистегі ауа райы
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде −7…−5°C, күндіз −1…+1°C болады.
Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта жауын-шашын күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз +5…+7°C, күндіз одан әрі салқындайды.
Шымкентте кей уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Температура түнде және күндіз +4…+6°C, күндіз одан әрі төмендейді.
Солтүстік облыстар
Ақмола облысында түнде жауын-шашын болмайды, батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Батыстан соғатын жел — 9–14 м/с. Түнде −10…−5°C, күндіз −2…+3°C.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашынсыз, батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз кей аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде −8…−3°C, күндіз −1…+4°C.
Қостанай облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел — 7–12 м/с. Түнде −8…−3°C, күндіз 0…+5°C.
Павлодар облысында түнде оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Күндіз жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Түнде −7…−2°C, күндіз −1…+4°C.
Батыс облыстар
Батыс Қазақстан облысында солтүстік және шығыс аудандарда аздаған жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел — 7–12 м/с. Түнде 0…+5°C, күндіз +4…+9°C.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады. Түнде −3…+2°C, күндіз +4…+9°C.
Маңғыстау облысында түнде батысы мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Күндіз жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел — 9–14 м/с. Түнде 0…+5°C, солтүстік-шығысында −3°C; күндіз +7…+12°C.
Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын болмайды. Күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Түнде −7…−2°C, күндіз +1…+6°C.
Орталық облыстар
Қарағанды облысында түнде шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысында, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең бірқатар ауданда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел – 9–14 м/с, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде −7…−2°C, оңтүстігінде +5°C. Күндіз 0…+5°C, солтүстігі мен шығысында −3°C, оңтүстігінде +8°C.
Ұлытау облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғып, күндіз оңтүстігінде 15–18 м/с-қа күшейеді. Түнде −6…−1°C, оңтүстігінде +2°C; күндіз 0…+5°C.
Шығыс облыстар
Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын күшейеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел — 9–14 м/с, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз −6…−1°C, батысында, солтүстігінде және орталығында −3°C шамасында болады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын күшейеді. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, кей аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде және күндіз +2…+7°C, солтүстігі мен таулы аудандарында −2°Cболады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстар
Алматы облысында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел – 9–14 м/с, бірқатар ауданда екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. Түнде және күндіз +5…+10°C, таулы аудандарда −2…+3°C.
Жетісу облысында жаңбыр мен қар жауып, орталығы мен таулы аудандарында жауын-шашын күшейеді. Тауда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел – 9–14 м/с, шығысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Түнде және күндіз +5…+10°C, таулы аудандарында +2°C.
Жамбыл облысында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Солтүстігінде және тауда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Түнде және күндіз +3…+8°C, таулы аудандарында −2°C.
Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігі мен тауда кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын жел – 8–13 м/с, кей аудандарда 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Түнде және күндіз +2…+7°C, таулы аудандарында −1°C.
Қызылорда облысында солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Түнде −6…−1°C, шығысында +2°C; күндіз 0…+5°C, шығысында +8°C.