Malim.kz
Спорт

Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде 13-ракетканы жеңді

Арман Қайыпхан

Нью-Йоркте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұрған 17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер рейтингіндегі 13-ракеткасы, польшалық Алан Важныйды 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Үшінші айналымда Зангар финляндиялық Оскари Полданиуспен кездеседі.

Ол қазіргі уақытта ITF Juniors рейтингінде 8-орында тұр.

Фото: ҚТФ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары