Malim.kz
Құқық

Жангелдин ісі: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Айбын Атабай
Kazinform

Атырау қаласының сотында төрт адамды аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық сот процесі жалғасып жатыр. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов кінәліні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокурор сот барысында іс бойынша барлық дәлелдер жан-жақты зерттелгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Жангелдин ауылында болған. Сол кезде отбасының төрт мүшесі – ата-анасы, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен. Айыптау тарапының мәліметінше, күдікті өзіне күмән туғызбау үшін туыстары емделуге кетіп қалған деген ақпарат таратқан.

Ақпан айының соңында Сәрсемәлиев жұбайымен бірге Индонезиядағы Бали аралында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қайта жүргізілген тергеу барысында ол кінәсін мойындап, әйелінің екі бауырының мәйіттері жасырылған орынды көрсеткен.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары