Malim.kz
Құқық

Жангелдиндегі қанды қырғын: Жәбірленуші Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге өтемақы талап етті

Айбын Атабай
Мой город

Атыраудағы тұтас бір отбасының өлімі бойынша сот отырысында сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтен моральдық шығын үшін 70 миллион теңге өтемақы талап етілді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Қарабалин мен Өтешқалиев отбасыларының атынан марқұм Мақсот Қарабалиннің әпкесі Әдемі Шілмағамбетова жәбірленуші деп танылды. Сонымен қатар, ол өтемақы талап етті.

Сотталушы жәбірленушінің талаптарымен келісетінін, бірақ сот шешімін орындау үшін мүлкі мен қаржысы жетіспейтінін атап өтті.

"Менің жалғыз байлығым – менің күндерім", – деді Сәрсемәлиев.

Оқиғаның барысы

2025 жылғы желтоқсанда полицияға 66 жастағы ер адам – Мақсот Қарабалин, 64 жастағы әйел – Насип Өтешқалиева және олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының із-түссіз жоғалғаны туралы хабар түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы мүшелері қараша айынан бері байланысқа шықпаған, олардың қайда екені белгісіз болған.

Төртеуі де хабар-ошарсыз кеткендер ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Биыл 6 қаңтарда тергеу әрекеттері барысында үйлердің бірінің шаруашылық құрылысынан Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиева мәйіттері көмілген күйде табылды. Осыдан кейін іс кісі өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, жоғалған балаларды іздеу жалғасқан.

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев – қаза тапқан отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге марқұмдардың кенже қызы да халықаралық іздеуге берілген. Бұған дейін ол күдіктімен некеде болған.

Күдікті Индонезияда ұсталды. Онымен бірге отбасының кенже қызының да жүргені анықталған. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындап, тергеуге жауап берді. Оның жауабы бойынша, жедел-тергеу тобы қайта тергеу әрекеттерін жүргізіп, Атыраудағы үйдің ауласынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіттерін тапты.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары