Malim.kz
Спорт

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуін де қорғайтын болды

Арман Қайыпхан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жегінде IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бастапқыда екі боксшы IBF чемпиондық атағын ғана қорғайды деп айтылған. Кейіннен WBO президенті Франсиско "Пако" Валькарсель твиттер желісінде бұл ұйымдағы атағын да қорғайтынын жазды. 

Бокс кеші 4 қазан күні Сиднейде (Аустралия) өтеді. 

Фото: Getty Images

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары