Malim.kz
Спорт

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша ресми мәлімдеме жасалды

Арман Қайыпхан
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты тәртіптік тыңдау 19 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәл осы күні B-сынаманың қорытындысы жарияланады.

Федерацияның мәліметінше, ресми шешім шыққанға дейін спортшы кінәсіз деп есептеледі.

«Іс қолданыстағы белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ федерация түпкілікті шешім қабылданбай тұрып, бұл мәселеге қатысты пікір білдіру мен алдын ала қорытынды жасау дұрыс емес екенін атап өтті.

Еске салайық, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қан сынамасынан мельдоний анықталған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары