Malim.kz
Спорт

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

• Арман Қайыпхан

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас тағайындады, деп хабарлады Malim.kz.

WBO Жәнібектің командасына (16-0-0,11 КО) британиялық боксшы Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жек келіссөздерін бастау үшін жағдай жасап жатыр. Егер тараптар 15 күн ішінде келісе алмаса, онда промоутерлік сауда-саттық тағайындалады.

Айта кетейік, Хамза Шираз WBO орта салмақтағы боксшылар рейтингінде 1-ші орында тұр. Сондай-ақ британиялық боксшы Достастық бокс кеңесінің титулы мен EBU European және WBC Silver атақтарына ие.

Коллаж: metaratings.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары