Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында жаңаша жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әдия өзінің жазбасында анасының бұрын айтқан сөздері есіне түскенін бөлісті.
"Анамыз "өсіп, екі жаққа кеткенде бір-біріңді сағынасыңдар" дегенде, "ол кезге әлі ерте ғой" деп ойлайтынбыз", – деп жазды ол.
Әдия сонымен бірге ұзатылып жатқан сіңлісіне ақ тілегін арнап, оның бақытты болуын тіледі. Жазба Ақтауда түсірілген суреттермен бірге жарияланған.
Желі қолданушылары жазбаны жылы қабылдап, пікір қалдырып, мыңдаған лайк жинап үлгерген.