Malim.kz
Мәдениет

«Жақсы мен Жаман, сосын - Ұсқынсыз». Әйгілі Эннио Морриконенің әуендерінің концерті өтеді!

Ереке Базарқұл
© rarehistoricalphotos.com

2026 жылдың ақпан айында еліміздің мәдени өмірінде айтулы оқиға болады. Астана мен Алматыда әйгілі композитор, әр шығармасы атақты фильмдердің саундтрегіне айналған Эннио Морриконенің мұрасына арналған әлемдік турдің бірегей концерттері өтеді деп хабарлайды malim.kz.

13 ақпанда Астанадағы «Qazaqstan» Орталық концерт залында, ал 15 ақпанда Алматыдағы Республика Сарайында қала тұрғындары мен қонақтары ұлы композитор Эннио Морриконенің  шығармаларына арналған әлемдік тур концертіне қатысып, әйгілі кино музыкасын тыңдай алады.

Композитор Эннио Морриконе (1928 - 2020) ©polarmusicprize.org

Маэстроның ұлы Андреа Морриконе дирижерлік ететін симфониялық оркестр мен аралас хор әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған аңызға айналған саундтректерден тұратын кең көлемді бағдарламаны ұсынады. Бұл кеште келесі культтік фильмдердің музыкасы орындалады:


Кештің ерекше символына айналатын Chi Mai композициясы әлем жұртшылығын баурап алған туынды ретінде белгілі. Бұл шығарма бүкіл әлемге әйгілі «Спрут» телехикаясының арқасында танымал болды.


Уақытпен бірге өмір сүретін музыка

Концерт Морриконенің өлмес туындыларын маэстро өзі көздегендей етіп – жарқын, эмоцияға толы, зор симфониялық дыбыспен тыңдауға мүмкіндік беретін сирек шара болмақ. Оркестрдің қуаты, хордың энергетикасы және танымал әуендердің үйлесімі бұл кешті ұмытылмас шараға айналдырады.
Ерекше әсер алғысы келетін қонақтар үшін VIP санаты ұсынылады.
VIP билеттің артықшылықтары:

Бұл - ұлы композитор мұрасының сақтаушыларымен жүздесуге мүмкіндік беретін аса сирек тәжірибе.

Билеттердің сатылымы 20 қараша, 12:00-де ашылады. Билеттер тек Freedom SuperApp арқылы қолжетімді.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары