Malim.kz
Шоу-бизнес

Жас әнші ARI дебютімен көпшілік назарын аударды

Айгүл Таңатар
www.magnific.com

Қазақстандық шоу-бизнеске жаңа есім - ARI шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жас орындаушы алғашқы «Абайла» әнін ұсынып, әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастады. Музыкалық жаңалықтарды жариялайтын қазақстандық парақшалар оның дауысын, стилін және бейнебаянын бөлісіп, тыңдармандардың пікірін сұрады.

Көпшілік жас әншінің заманауи орындау мәнері мен музыкалық бағытына оң баға беріп жатыр. Әлеуметтік желілерде оның шығармашылығын белгілі орындаушылармен салыстырып, қазақстандық поп-музыкаға жаңа леп әкелуі мүмкін деген пікірлер де айтылуда.
Музыкалық нарықта жаңа орындаушылардың пайда болуы сирек емес. Алайда алғашқы әннен-ақ кең аудиторияның назарын аудару кез келген жас әншіге бұйыра бермейді. Сондықтан ARI-дің дебюті шоу-бизнес жаңалықтарының бірі ретінде аталып жатыр.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары