Malim.kz
Спорт

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

• Malim Админ

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Түркістан облысы полиция басқрамасының баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың сөзінше, ҚР Қылмыстық кодексінің «өзін-өзіөлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған және арнайы сараптамалар тағайындалған.

Аягүл Мантайдың қайтыс болғаны жөнінде 29 шілдеде әлеуметтік желіде оның жақын достары хабарлаған. Бейресми ақпарат бойынша жазушы «өз-өзіне қол жұмсаған». Марқұм кеше туған жерінде жерленген.

Аягүл Мантай «Жүрекке оралу» кітабы мен «Жаңбырлы көктем» әңгімелер жинағының авторы. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары