Malim.kz
Мәдениет

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

Malim Админ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмабай Шаштайұлы -  ҚР Президентінің стипендиаты, Халықаралық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.

Ол «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында еңбек етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының «Қызын қар», «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның  жүрегінен орын тапты.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары