Malim.kz
Саясат

Зейнетақы жинағына мемлекеттік кепілдік сақталады

Айгүл Таңатар
gov.kz

Қазақстан Үкіметі зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдіктің сақталатынын мәлімдеді. Тек өтемақы төлеу тетігі жаңартылып, нарық жағдайына бейімделмек. Бастама азаматтардың жинағын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, мемлекет бұрынғыдай инфляция деңгейін ескеріп, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепіл болады. Бұл өзгеріс Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және төлем жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім ұзақ мерзімді жинақ жүйесіне деген сенімді нығайтып, зейнетақы активтерін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді. Тиісті заңнамалық өзгерістер кезең-кезеңімен күшіне енеді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары