Malim.kz
Экономика

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер зор: енді жинағыңызды түгелімен өзіңіз басқара аласыз

Айгүл Таңатар
malim.kz

Елімізде зейнетақы жүйесіне бірқатар маңызды өзгеріс енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәілмдеуінше, алдағы жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы өтеп беру көзделіп отыр. Ол үшін бюджеттік арнайы кіші кіші бағдарлама қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар биыл қыркүйектен бастап салымшылар өз жинақтарының 50 пайызын ғана емес, 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады. Бұл азаматтарға қаржысын тиімдірек инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Қазір салалық министрлік зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық тәжірибені қарастырып жатыр. Бұл ретте Сингапур моделіне басымдық берілген. Сондай-ақ «4+1» моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу және сақтандыру элементтерін қосу секілді бастамаларды қолға алу көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Әлібек Тоқтауовтың түсіндіруінше: "Бұған дейін салымшылардың зейнетақы жинақтарының 50 пайызын ғана инвестицияға салуға болатын еді. Ал қазіргі таңда өзгеріс болғаннан кейін 100 пайызын сенімгерлік басқаруға аударуға болады. Бұл жолдың салымшыларға пайдасы: ол өзінің зейнетақы жинақтарын толықтай басқара алады. Демек, сенімгерлік басқармаларға аударған кезде ол өзінің инвестициялық стратегиясын таңдай алады".  

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары