Malim.kz
Оқиға

Зейнеткер бір кеште қалай миллионер атанды?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Зейнеткер лотереяға билет алғанын ұмытып, екі күннен кейін дәл сондай екінші билет сатып алған. 2 қаңтардағы ұтыс ойынында екеуіне де бас жүлде шықты. Ер адам қос билеттің де ұтқанын лотерея ұйымдастырушылары қоңырау шалғанда бір-ақ білген, деп Malim.kz тілшісі, Lotterywest-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші билетті қалай алған?

Жетпістен асқан ер адам лотерея ойнағанда үнемі өзі ұнататын сандарды таңдайтын. Алғашқы билетін 31 желтоқсанда, Жаңа жыл қарсаңында, телефондағы қосымша арқылы сатып алған. Мереке күндері отбасы мен достарына көңіл бөліп жүріп, билет алғанын ұмытып кетеді. 2 қаңтарда сол ұтыс ойынына тағы бір билет сатып алып, бұрынғы сандарын қайта белгілеген.

Сол күні кешке оның таңдаған сандары ұтыс нәтижесімен сәйкес келді. Екі билет те бір ұтыс ойынына тіркелгендіктен, зейнеткер бас жүлдені екі рет иеленді. Ұтысын растау үшін ұйымдастырушылардың кеңсесіне барған ер адам ақшаның бір бөлігін балалары мен олардың отбасына жұмсағысы келетінін айтты.

Оқиға Аустралияның Перт қаласында болған. Зейнеткер екі билеттен жалпы 2 миллион аустралия долларынұтты.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары