eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты үйден шықпай-ақ қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін қызметтің пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жеке куәлікті тек оның қолданылу мерзімі аяқталғанда ғана ауыстыруға болады — мерзімі аяқталуына 30 күн қалғанда немесе жарамдылық мерзімі өткеннен кейін 10 күннен кешіктірмей. Дайын құжатты өтініш беруші көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Жеке куәлікті дайындаудың стандартты мерзімі — 15 жұмыс күні, — деп көрсетілген eGov.kz порталында.
Фото: gov.kz