Жалақысы 3 млн теңгеден асатындардың жеке табыс салығы көбейеді, деп хабарлайды Malim.kz.
"Нарық жаңалықтары" телеграмм арнасының жазуынша, жылдық табысы 8 500 АЕК-тен (36,7 млн теңге) немесе айына шамамен 3,06 млн теңгеден асатын азаматтардың жеке табыс салығы 15% болады.
Ең маңыздысы – 15% бүкіл жалақыдан емес, тек шектен асқан бөлігіне ғана есептеледі.
Мысалы, жылына 40 млн теңге табыс тапқан адам:
- 36,7 млн теңгесіне – 10% ЖТС;
- ал шектен асқан 3,3 млн теңгесіне ғана – 15% ЖТС төлейді.
Ендеше жалпы халықтың жеке табысына салық көбейгелі жатыр десек, жаңсақтық болады.