Malim.kz
Құқық

Желіде екі қыздың бір жігітті соққыға жыққан бейнежазбасы тарады

Мәди Саматұлы

Әлеуметтік желіде екі қыздың бір жасөспірімді соққыға жығып жатқан бейнежазба таралды. Оны журналист Михаил Козачков телеграм-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрда тағы бір жігіттің жүргені байқалады, ол жәбірленушіні мазақ етуге көмектескен сияқты.

Мұны біреу балалық еркелік дер. Ал мен ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуды көрем. Қарапайым тілмен айтқанда, бұзақылық, дейді журналист.

Оның айтуынша, бұл қылмыс үшін ауыр жаза қарастырылған – 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бірақ айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар да бар.

Бейнежазбаның сипаттамасында оның Алматыда түсірілгені айтылған, бірақ полиция департаменті бұл ақпаратты әлі растамаған.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары