Malim.kz
Оқиға

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған алматылық мұғалім жұмыстан босатылды

Сабина Асқарқызы
kk.wikipedia.org

Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға және Қазақстанға қатысты қорлайтын пікірлер жариялағаннан кейін қызметінен айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Threads желісінде жазылған пікірлерде ол желтоқсаншыларды және өзге қолданушыларды балағат сөздермен атап, кемсітетін сипаттағы жазбалар қалдырған. Сондай-ақ ол депутат Ерлан Жанбыршин жарияланымының астына да қорлайтын пікірлер жазғаны белгілі болды.

Аталған жазбалар әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Көптеген қазақстандық мемлекеттік органдарға жүгініп, бұл әрекеттерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.

Сонымен қатар желі қолданушылары әйел жұмыс істеген ұйымға да теріс пікірлер қалдыра бастаған. Соның салдарынан компанияның онлайн-платформалардағы рейтингі қысқа уақыт ішінде айтарлықтай төмендеген.

Нәтижесінде аталған қызметкер жұмыстан босатылды. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары