Malim.kz
Экономика

Жеңілдетілген режіммен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19% артты

• Мадияр Қапанбек
Көрнекі фото: depositphotos.com

Мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жайлы жағдайлар жасауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнесті жүргізудің түсінікті ережелерін бірізді түрде қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Салық заңнамасын жетілдіру бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың бірі. Биыл қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бұған сәйкес арнайы салық режімдері оңтайландырылған болатын. Оның ішінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімі ең сұранысқа ие тетіктердің біріне айналды. 

Айталық, бұл тәртіпті қолданудың алғашқы нәтижелері кәсіпкерлердің қызметіндегі оң динамиканы байқатып отыр.

Атап айтсақ, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес осы режімді қолданған бизнестің табысы 9,4 трлн теңгеге ұлғайған. 

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 18,9%, яғни 7,9 трлн теңгеге артып отыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары