Malim.kz
Спорт

"Жеңіске жету үшін жыныс мүшесін үлкейткен": Танымал спортшы адам сенгісіз күдікке ілігіп жатыр

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Трамплиннен секіру спортында күтпеген әрі даулы жағдай талқыланып жатыр. Кейбір спортшылар жарыс нәтижесін жақсарту мақсатында жыныс мүшесінің көлемін жасанды түрде үлкейткен болуы мүмкін деген күдік туындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпарат расталған жағдайда, Әлемдік допингке қарсы агенттік арнайы тергеу бастауға дайын екенін мәлімдеді.

BBC таратқан мәліметке сәйкес, қаңтар айында немістің Bild басылымы кейбір спортшылар гиалурон қышқылы инъекциясын қолдануы мүмкін екенін жазған. Бұл зат допинг тізіміне кірмейді және жыныс мүшесінің көлемін 2-3 сантиметрге дейін үлкейтуі ықтимал.

Мұндай өзгеріс спортшыларға арнайы тапсырыспен тігілетін жарыс костюмінің өлшеміне тікелей әсер етеді. Трамплиннен секірушілердің киімі 3D-сканерлеу арқылы жеке өлшеммен дайындалады. Өлшеу кезінде дененің ең төменгі нүктесіне дейінгі арақашықтық есепке алынады.

Егер жыныс мүшесінің көлемі артса, бұл ең төменгі нүктені төмендетіп, костюмге қосымша мата ауданының қосылуына әкелуі мүмкін. Ал журналистердің пайымдауынша, мұндай артықшылық аэродинамиканы жақсартып, спортшының ауада ұшу уақытын ұзартуы ықтимал.

"Костюмдегі әрбір қосымша сантиметр маңызды. Егер костюмнің жалпы беткі ауданы 5 пайызға ұлғайса, спортшы одан да алысқа ұша алады", – дейді Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы жарыс директоры Сандро Пертиле.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары