Malim.kz
Сұқбат

Жер сілкінісінен ғимарат зақымданса, қайда бару керек - Алматы әкімдігі түсіндірді  

Malim Админ

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдағаны анықталған жағдайда кімдерге жүгіну керек екенін айтты. 

Әкімдіктің мәліметінше, аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді.

Жөндеу жұмысын қаржыландыруға қатысты айтылар болса, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақымдар анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары кондоминиум не құрылыс салушы есебінен жүргізілуі тиіс (салдарды жою кезінде жедел тексеру қорытындысының нәтижесі бойынша айқындалады).

Фото: ©Айжан Тугельбаева

Malim Админ
Автордың басқа материалдары