Malim.kz
Сұқбат

Жетісу облысында сабақ тоқтатылған күндері тамаққа ақша төленген

• Malim Админ

Жетісу облысында прокурорлар мектептегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз 20 миллион теңгеден асатын ақша төлеу фактісін анықтады.

Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге осы күндері берілмеген тамақ үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген.

Осыған ұқсас заңбұзушылық облыстағы барлық мектепте анықталған. Осы іс бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Фото: ашық дереккөзден

Malim Админ
Автордың басқа материалдары