Жетісу облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі Астана уақытымен 13:39-да тіркелген.
Картадағы мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым қашықта орналасқан.
Алматы тұрғындары да әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.