Malim.kz
Құқық

Жетісуда жұртты 100 млн теңгеге алдап соққан қылмыстық топ ұсталды

• Мәди Саматұлы

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті. Топ бүкіл ел бойынша жұртты алдап, алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 SIM-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр. Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсу үстінде, деп жазылған облыс прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Фото: gov.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары