Malim.kz
Оқиға

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Сұлу Бөлек

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше,  26 жастағы жігітке сот үкім ішықты.

"Сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі заттарын тарату және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Фото: pixabay.com/

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары