Жезқазғанда үйлену тойына бара жатқан автокөліктер кортежі жол қозғалысы ережесін бұзып, алты адам жауапкершілікке тартылды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 8 тамызда Сарыарқа көшесінде болған. Бейнебақылау камераларына түскен кадрлардан кортеждегі жолаушылардың көлік терезелерінен денелерін шығарып отырғаны анықталған.
Сонымен қатар полиция қарсы қозғалыс жолағына шыққан және көлікті басқару құқығы жоқ адамға рөл берген жағдайларды тіркеді.
Нәтижесінде алты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі көлік айыптұраққа жіберілді.
Полиция мерекелік шараның болуы жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтаудан босатпайтынын еске салды.