Malim.kz
Шоу-бизнес

"Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғамбектің әкесі ұлының ұрлығын ашып қойды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбектің әкесі ұлы мектепте оқып жүрген кезіндегі қызық әрі бұзық қылықтарының бірін еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналист әншінің әкесінен: «Айдар бала күнінде қандай тентектік жасайтын?» деп сұрағанда, қария ұлының бір әдетін бүкпей жеткізді.

"Мектепте жүргенде үзіліске шыққан балалардың бәрінің қаламын үйге әкелетін еді. Сөмкесінің іші толған қалам. "Бұл не? Апайың қайта-қайта жаз деп қинай бермесін деп әкелдің бе?" деп ұрысатынмын", – деді ол.

Айдар Тұрғамбектің өзі де осы оқиғаны әзілмен еске алып, әкесімен бірге күліп алды. Кейін әкесін құшақтап, риясыз мейірімін білдірді.

Бүгінде Айдар да – әке. Үшінші сыныпта оқитын қызы жақында ұйықтап жатқан әкесіне арнайы сыйлық жасап, жастықтың астына қалдырып кеткен. Қолымен жасаған қағаз конверттің ішінде әкесіне арналған жүрекжарды сөздер жазылған.

"Әкешім, сізді жақсы көремін. Біз үшін еңбек етіп жүргеніңізге рақмет. Өмір жасыңыз ұзақ болсын", – деп тілек қалдырған кішкентай қызы.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары