Ақмола облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен ГАЗ-53 жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Астана – Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған екі көлік жол бойында соқтығысқан.
Апат салдарынан шағын автобуста болған екі жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz Sprinter көлігінің тағы алты жолаушысы мен ГАЗ-53 жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі таңда полиция жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.