Астана, Алматы және Шымкентте жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) өрескел бұзатындарды жүргізуші куәлігінен айыруға мүмкіндік беретін жаңа балдық жүйе тестілеуден өтіп жатыр.
Әр ереже бұзғаны үшін 1-ден 3 балға дейін
ІІМ мәліметінше, ЖЖҚ бұзғаны үшін жүргізушілерге әкімшілік айыппұлмен қатар балдар есептеледі. Балдарды есептеу үшін ереже бұзу туралы мәліметтер Бас прокуратура сервисі - әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінен түсіп отырады.
Жүргізуші бір күнтізбелік жыл ішінде 20 балға жеткен бойда, ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылады, куәлікті мерзімінен бұрын қайтару мүмкін емес.
Бұл ретте жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды қайта тапсырудың қажеті жоқ.
Жүргізушілер әрбір ереже бұзудың ауырлығына қарай 1-ден 3 балға дейіналады. ІІМ әзірге нақты градацияны жариялаған жоқ.