Malim.kz
Құқық

Жол ережесін өрескел бұзған азаматқа 1 млн теңге айыппұл салынды

Malim Админ

Орал қаласында полиция қызметкерлері жол ережесін үш күн ішінде 39 рет бұзған жүргізушіні ұстады.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс аумағында жол ережесін бұзушылықты анықтау мақсатында «SuncarSmartQorgau» жүйесі кеңінен қолданылады.

«Аталмыш жүйенің көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, қолға түсті. Ол қала аумағында үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы - 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай еместігі және өзге де жол ережесін бұзу фактілері белгілі болды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан қаза тапқан 2 адамның бірі жанып кеткенін жазған болатынбыз. 

Фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары