Қазақстандық танымал актрисалар Жұлдыз Әбдікәрімова мен Салтанат Бақаева желіде видео жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова бала күнгі құрбысы Салтанат Бақаевамен түскен видеоны Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бейнежазбада қос актрисаның әуежайдың алдында елдің көзінше билеп жүргенін көруге болады.
Бала күнгі құрбыңмен кездескенде, балаша ойнап-күлгенге не жетсін, - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.
Желі қолданушылары жұлдызды құрбылардың достығына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
«Жан-жаққа нұрын шашып тұр. Керемет құрбылар», «Екі қоян», «Екі ақылды, көркем келіндер», «Сондай тәттісіздер», «35 жастағы құрбылар, көпбалалы аналар деп кім айтады», «Бала күнгі құрбыларға не жетсін», «Сұлу арулар», - деп жазуда көпшілік.
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial