Malim.kz
Оқиға

Жұмыста мас күйде болған полиция басшысы қызметтен кетті

Айбын Атабай
gov.kz

Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегі жұмыс кабинетінде мас күйінде табылған қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды, деп хабарлайды  Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп. 

Өңірлік полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Полициямен қызметтік тәртіпті бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде іс-шаралар жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жұмыс орнында мас күйінде болған қызметкер анықталды. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Полиция заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын ұстанады. Лауазымы мен атағына қарамастан, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолданылады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жексенбі күні жұмыс кабинетінде мас болып жүргенін жазған едік.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары