Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң талаптарын сақтамаған және сапа стандарттарына сай келмейтін жекеменшік мектептерге қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрдің айтуынша, соңғы он жыл бойы өз ғимаратының мақсатты пайдалануын заң аясында дұрыс рәсімдемеген білім беру ұйымдарының барлығының қызметі тоқтатылады.
"Заңға сәйкес, тәртіпке сәйкес сапалы мектептің бәрі қалады. Мемлекет өзінің міндеттемелерін орындайды. Сапасыз, заңсыз жұмыс жасаған, 10 жылдан бері өзінің ғимаратының мақсатты пайдалану тетігін дұрыстап заңдастырмаған мектептердің барлығы бұдан әрі жұмыс жасамайтын болады. Менің ойымша, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Заң және тәртіп" қағидасытының аясында, сонымен қатар бүгінгі таңдағы “Әділетті Қазақстан” қағидаты тұрғысы аясында өте дұрыс шешім деп санаймын", – деді Жұлдыз Сүлейменова.