— Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, - деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ бейбіт жиыннан хабар тарататын журналистердің арнайы айырым белгілерін тағып жүруі керектігі айтылған. Ол белгілер:
— Алдыңғы және артқы жағында «PRESS» деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше;
— Қанық сары түсті, ортасында «PRESS» деген жазуы бар жеңдегі таңғыш;
— Ортасында «PRESS» деген жазуы бар көк түсті жапсырма.
Жедел баспасөз орталығы лентамен қоршалып, электрмен жабдықталып, фото, бейнетүсірілім жасауға, сұхбат алуға жеткілікті жерден белгіленуі керек.
Дегенмен, журналистер арнайы лентамен қоршалған Жедел баспасөз орталығының сыртында да жұмыс істей алатыны айтылған.
Жергілікті әкімдіктер журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып баруға, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен сұхбат ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге міндеттеледі.
Фото: gov.kz