Malim.kz
Сұқбат

Журналистің көлігін өртеген адам ұсталды

Malim Админ

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігін өртеген  күдікті қамалды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық соты растап отыр.   

Сот таратқан мәліметке сенсек, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынды. Мұндай санкцияны Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған.

«Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді қалалық сот.

Фото: inform.kz       

Malim Админ
Автордың басқа материалдары