Бұл туралы Exclusive.kz басылымы жазыпты.
Кеше, 11 ақпан күні — саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың, оның күзетшісі Бауыржан Байбосынның және көлік жүргізушісі Василий Журавлевтің өлтірілгеніне 20 жыл толды. Бұл қылмыс қоғамды дүрліктіріп, көптеген жайттары осы күнге дейін ақтаңдақ болып қалып отыр.
Атаулы қаралы күнге орай Алтынбек Сәрсенбаевтың отбасы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының атына қылмыс істі қайта жандандыру жөнінде өтініш берді деп жазады Exclusive.kz басылымы.
Өтініште отбасы мүшелері бұрын тергеу және сот кезінде өрескел заң бұзу орын алғанын, "белгілі болған жаңа жайттарға байланысты" істі қайта қозғау туралы сұрапты. Өтініш берушілердің ойынша, біршама фактілер назардан тыс қалып, лайықты баға берілмеген.
Өтініш мәтінінде тікелей айып тағу және іске қатысы бар аудиожазба туралы тұжырым бар. Атап айтқанша, өтініште Назарбаев айтқан сөз келтірілген.
Арыз берушілердің жазуынша, Назарбаев Алтынбек Сәрсенбаев пен қызметкерлерінің өліміне қатысты: "іс бойынша бәрі дәлелденді, бықсыта берудің қажеті жоқ, бір айдан кейін іс сотқа барады. Жұрт бүгін айтқанымен, ертең ұмытып кетеді" депті.
Осылайша, Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевты тергеуді сұрапты.
"Тек осы жазбаның өзі сот үкімін жоққа шығаруға жеткілікті, ал Назарбаев осы мәселе бойынша тергелуі керек!!!", -
деп жазылған екен өтініште.