Әкім Радченко Заречныйға Абайдың атын бере ме?

Malim Админ

  • 04.02.2020

Қостанай облысына қарасты Заречный ауылдық округінің атын Абай деп өзгерту керек. Бұндай ұсыныс Қостанай ауданы әкімі Виктор РАДЧЕНКОНЫҢ есеп беру жиынында айтылды.

Аудан орталығы Тобыл қаласында өткен жиында әдеттегідей көпшілік тарапынан сұрақтар аз қойылды. Негізі әкімдер есеп бергенде тек «таңдаулы» көрермендердің жиналуы дәстүрге айналған. Ұсыныс пен сұрақтар да онша көп бола қоймайды. Сондай аз ұсыныстың бірі Заречный аулының атын ауыстыру.

«Заречный ауылының атын Абай деп ауыстыру керек. Алға жылжу деген болады ғой. Менің бұл бастамамды халық қолдайды деп ойлаймын», - деді Жақсылық ЖЕҢІСҰЛЫ атты ақсақал.

Әкім Радченко ол үшін бастамашыл топтан ұсыныс түссе әкімдік оны қарауға даяр екенін айтты. Жақсылық Жеңісұлының сөзінің жаны бар. Қостанай облысымен аттас аудан құрамына 16 ауылдық округ, 3 ауыл және бір қала кіреді. Олардың ішінде аудан орталығы Тобылды айтпағанда 19 елдімекеннің үшеуінің ғана атауы қазақша. Ол – Жамбыл,Майкөл және Айсары ауылдық округі.

Қостанай ауданында Мәскеу, Октябрь, Ульянов, Александр, Владимир атаулы ауылдық округтер бар екен.

Заречный ауылдық округіне Рысбай, Абай, Талапкер, Осиновка және Новоселовка сынды елдімекендер кіреді.

Заңғар Алтай

Фото: kstnews.kz

Байланысты жаналықтар

«Көрісу» дәстүрі – мемлекеттік мерекеге айналмақ

13.02.2020

Вице-премьердің інісі әкім болды

21.03.2020

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

13.04.2020

Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі

01.03.2020

Қытайда тағы бір қауіпті вирус анықталды

02.02.2020
MalimBlocks
«Көрісу» дәстүрі – мемлекеттік мерекеге айналмақ

Вице-премьердің інісі әкім болды

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі

Қытайда тағы бір қауіпті вирус анықталды