Кәсіпкерлікті дамыту мен зардап шеккен бизнес салаларын қолдау тоқтамайды

Malim Админ

  • 07.08.2020

Үкіметте премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қазірге дейін атқарылған жұмыстар, «Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ бойынша мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселесі, сонымен қатар, карантиндік шаралар салдарынан көп зардап шеккен салалардағы бизнес субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі мен алдағы уақытта бизнесті дамыту мәселелерді сөз болды.

Үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдері қатысқан отырыстағы мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың 1 тамызына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы аясында 2201 жоба мақұлданып, оған 504 миллиард теңге қарастырылып, 292 млрд теңгеге 1628 жоба субсидияланған. Бұл бағдарлама бойынша Елорда мен Алматы қалалары, Жамбыл, Қостанай облыстары белсенділік танытса, Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында динамика төмен болған.

Қаңтар мен шілде аралығында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 4,9 триллион теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген. Бұл сала бойынша жергілікті қамтудың басым бөлігі Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Түркістан облыстарына тиесілі болса, Жамбыл облысында және ел астанасында төменгі көрсеткіш тіркеліп отыр.

Осыған байланысты, үкімет басшысы өңірлік жобалық офистердің жұмысын жандандыру керек екенін алға тартады. Ол өңірлердегі жобалық офистер жақсы жұмыс істеп, кәсіпкерлерді қолдау күшейтіліп, түрлі кедергілер жойылуға тиіс деп тапсырма берді.

Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік пен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы бірлесе жұмыс істеуге міндетті. Тамыздың соңына дейін екінші деңгейлі банктердің несие беру мәселелер бойынша жеңілдіктерді пысықтап, бизнес иелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді күшейту мәселесі де айтылды. Ол үшін аймақ әкімдіктері атқарған жұмыстарына есептілікті күшейтіп, жауапкершілікпен жұмыс істеуі тиіс.

Аталған қолдау аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау да жалғасын табуы керек. Бұл тарапта «Самұрық Қазына» мен «Атамекен» арқылы екі апта ішінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдауды күшейту бойынша ұсыныстар әзірленуге тиіс. Бұл мәселелер жоғарыда айтылған ең көп зардап шеккен экономика секторларды анықтау бойынша жүргізілген сауалнама негізге алынғанын айта кету керек.

Байланысты жаналықтар

Цифрландыру таңқалдыруын тоқтатпайды

30.10.2020

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатыр

21.05.2021

«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

21.07.2020

Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?

12.05.2020

Эксперты раскритиковали план правительства по улучшению уровня жизни казахстанцев

09.03.2022

Ресей банктерін Қазақстан құтқара ма?

11.05.2022
MalimBlocks
Цифрландыру таңқалдыруын тоқтатпайды

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?

Эксперты раскритиковали план правительства по улучшению уровня жизни казахстанцев

Экономические преобразования в Казахстане невозможны без эффективных политических реформ, об этом говорили эксперты на дискуссии исследовательского центра PaperLab «Экономический курс «нового» Казахстана: социальный разворот или популизм?»

Ресей банктерін Қазақстан құтқара ма?