Мәскеудегі теракт салдарынан 140 адам қайтыс болды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендар арасынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

ТАСС агенттігі 27 наурыздағы жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шеккенін, оның ішінде 11 бала бар екенін жазған болатын.

Барлық зардап шеккен 92 адам ауруханаға жатқызылды, қазір 63 адам шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілген.

Мәскеудегі теракт салдарынан зардап шеккен бір науқас қайтыс болғаны да белгілі болды. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты.

Өкінішке қарай, бұрын өте ауыр жағдайда болған зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, - деді министр журналистерге.

Бұған дейін билік 139 адам қайтыс болғанын хабарлады. Осылайша, құрбандардың ресми саны 140-қа жетті.

Төрт науқастың жағдайы өте ауыр, 19 науқастың жағдайы ауыр, оның ішінде үш бала бар. Тағы 34 зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр, 23 зардап шегуші ауруханада емделуде және шығаруға дайындалып жатыр, - деді министр.

Еске салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі «Крокус-Ситиде Холлда» теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты «Крокус Сити Холлда» адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

22 наурыздағы шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы өз мойнына алған. АҚШ шенеуніктері бұл оқиғаның артында «Уәлаят Хорасан» (УХ) аймақтық ИМ ұяшығы тұрғанын айтқан.

Фото: РИА Новости

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

03.05.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есеге қысқартылған

17.04.2024

Су тасқыны: Үкімет басшысы біржолғы өтемақы төлеуді апта соңына дейін аяқтауды тапсырды

17.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: Рим Папасы зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды

11.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есеге қысқартылған

Қазірге дейін прокуратура мен қалалық әкімдіктен жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме келмеген.

Су тасқыны: Үкімет басшысы біржолғы өтемақы төлеуді апта соңына дейін аяқтауды тапсырды

Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады.

Қазақстандағы су тасқыны: Рим Папасы зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды

Ол Украина мен Мьянмадағы қақтығыстардан зардап шеккендер үшін де тілек тілеуді сұраған.