Сатыбалды кінәсін толық мойындады: ол қанша млрд теңгенің активтерін қайтарады

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалды ақшаны жылыстату ісі бойынша өткен бірінші сот отырысында өз кінәсін толық мойындады. Ол өзіне ұрланған қаражат көлемімен келісетінін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілініп, кейін өзге де заңсыз әрекеттері әшкере болып, ақыры 6 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Қайрат Сатыбалды тағы сот алдында жауап берді.

Сотта прокурор айыптау актісін оқыды. Қайрат Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, атап айтсақ «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру» бабы бойынша айып тағылуда. Сонымен қатар, осы баптың үшінші бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді аса ірі көлемдегі заңдастыру айыбы бар. Ол үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Айыптаушы тараптың мәліметінше, Қазақстанда жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден астам, Ресейде - 840,57 млн ​​рубль (4,2 млрд теңге), БАӘ-де - 162,15 млн дирхам (20,4 млрд теңге), Францияда - 8,3 млн еуро (4,15 млрд теңге), Түркияда – 65,2 млн лира (4,25 млрд теңге).

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалды ақшаны жылыстату ісі бойынша өткен бірінші сот отырысында өз кінәсін толық мойындады. Ол өзіне ұрланған қаражат көлемімен келісетінін жеткізді.

Кінәмді толығымен мойындаймын, құрметті сот, - деді Сатыбалды.

Сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Осы уақыт ішінде Сатыбалды кінәні мойындау туралы келісім түріндегі процессуалдық келісімді және заңсыз алынған мүлікті қайтаруды талқылауға ниет білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы көлемі 732,8 млрд теңге қаражат қайтарғаны хабарланған.

2022 жылдың қыркүйегінде Астанадағы Байқоңыр ауданының соты үкімді жариялады. Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді.

Коллаж: Ulysmedia.kz 

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

Мөлдір Әуелбекова хейтерлеріне алғыс айтты

16.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

Мөлдір Әуелбекова хейтерлеріне алғыс айтты

Оның әзіл видеосы оқырман қауымның көңілін көтерді.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.