Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының соты болып жатыр

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты негізгі сот талқылауы басталды. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

Айта кетейік, бұған дейін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру туралы іс түскен еді. Яғни Сатыбалдыұлына Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің деректері бойынша айыпталушы бұл ақшаға әртүрлі мүлік сатып алған және оны шетелдік банк шоттарына аударған, - деп жазылған деректерде. 

2022 жылы наурызда Сатыбалдыұлы шетелге қашып бара жатқан жерінен ұсталған болатын.

Ал қыркүйекте Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, оның мүлкі тәркіленді және 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот барысында Сатыбалдыұлы "Қазақтелеком" және "Көлік сервис орталығы" компанияларына залалды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені мәлімделді. Тараптар медиативтік келісім жасасты. 

2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған болатын.

Биыл ақпанда Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түсті. Одан бөлек Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтағы құны 13 миллиард теңгеден асады. 

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Тұман, көктайғақ: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

22.11.2024

Энергетикалық сусындар харам ба? ҚМДБ үкім шығарды

21.11.2024

Биыл он айда 44 мың адамды ит қапқан

21.11.2024

Дина Төлепберген күйзелісте жүрген жандарға қолдау көрсетті

21.11.2024

Қазақстан халықаралық орыс тілі ұйымына 131 млн теңге бөледі

21.11.2024

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024
MalimBlocks
Тұман, көктайғақ: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады

Энергетикалық сусындар харам ба? ҚМДБ үкім шығарды

Биыл он айда 44 мың адамды ит қапқан

Депутаттар бұралқы иттерге эвтаназия жасауды ұсынды

Дина Төлепберген күйзелісте жүрген жандарға қолдау көрсетті

Ол оқырмандарына өлең жолдарын арнады.

Қазақстан халықаралық орыс тілі ұйымына 131 млн теңге бөледі

Ұйымның штаб-пәтері Сочиде болады.

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған