Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тойдан екі күн өткен соң қалыңдық күйеуінің бұрынғы жұбайына бүйрегін берді

Оқиға •
Тойдан екі күн өткен соң қалыңдық күйеуінің бұрынғы жұбайына бүйрегін берді
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

56 жастағы әйел үйлену тойынан екі күн өткен соң күйеуінің бұрынғы жұбайына бір бүйрегін берді. Ол науқастың жақын туысы донор бола алмайтыны белгілі болғанда, өзі тексеруден өтуге шешім қабылдаған, деп Malim.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

59 жастағы әйел бүйрек ауруымен ұзақ жыл күрескен. Алдымен оның бауыры донор болуға ниет білдірген, бірақ тексеру оның бүйрегі сәйкес келмейтінін көрсетті. Сол кезде бұрынғы күйеуінің болашақ жары өз еркімен донор болуға ұсыныс жасады. Науқастың қызы тұңғышын күтіп жүрген еді. Әйел оның алғашқы немересін көріп, қолына алса екен деп тілегенін айтты.

Бірнеше айға созылған тексеруден кейін дәрігерлер ота күнін тойдан екі күн кейінге белгіледі. Жұп 2020 жылғы 22 қарашада, алғаш кездескендеріне тура он жыл толған күні үйленді. Екі күннен кейін әйел ауруханаға барып, бүйрегін берді.

Отадан кейін екі әйел де есін жиған бойда бір-бірінің жағдайын сұраған. Кейін ер адам жаңа жұбайын бұрынғы әйелінің палатасына апарған. Екеуі кездескенде әрі күліп, әрі жылағанын еске алды. Ауруханадан шыққан соң бүйрек ауыстырған әйел қызының үйінде сауығып, алғашқы немересін қолына алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу