Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиада чемпионы допингпен ұсталып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Спорт •
Олимпиада чемпионы допингпен ұсталып, үш жылға жарыстардан шеттетілді
Перес Джепчирчир. Фото: Ian MacNicol/Getty Images

Жеңіл атлетикадан Олимпиада және әлем чемпионы, кениялық марафоншы Перес Джепчирчир допингке қарсы ережені бұзғаны үшін үш жылға жарыстардан шеттетілді. Спортшының ағзасынан тыйым салынған препарат анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы жеңіл атлетикадағы адалдықты қадағалайтын тәуелсіз орган – Athletics Integrity Unit (AIU) мәлімдеді. 33 жастағы спортшының допинг сынамасынан эритропоэтин (ЭПО) гормоны табылған. Аталған зат ағзадағы эритроциттердің түзілуін арттырып, қанның оттегін тасымалдау қабілетін күшейтеді. Сондықтан оны спортта нәтижені жақсарту мақсатында қолдануға тыйым салынған.

AIU шешіміне сәйкес, Перес Джепчирчир үш жыл бойы ресми жарыстарға қатыса алмайды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 20 қазаннан бастап есептеледі. Осылайша, спортшының жарыстардан шеттетілу мерзімі 2029 жылғы 19 қазанда аяқталуға тиіс. Сонымен қатар марафоншының 2026 жылғы 17 шілдеден бергі спорттық нәтижелері жойылды.

Бұл шешім оның биыл Сидней марафонында тіркеген жеңісіне де әсер етті. Допингке қарсы орган аталған жарыстағы нәтижесін жарамсыз деп таныды. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, спортшы допингке қарсы ережені бұзғанын мойындаған. Осыған байланысты бастапқы төрт жылдық жаза мерзімі үш жылға қысқартылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу