Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Осы сәтті 17 жыл күттім" – Жаһан Отарғалиев көптен күткен қуанышы туралы не айтты?

Шоу-бизнес •
"Осы сәтті 17 жыл күттім" – Жаһан Отарғалиев көптен күткен қуанышы туралы не айтты?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Актер әрі әзілкеш Жаһан Отарғалиев жұбайының жүкті болғанын және бұл хабарды 17 жыл күткенін айтты. Ол сәбиінің жүрек соғысын алғаш естіген сәтін еске алып, сол қуаныштың ұзаққа созылмағанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Отарғалиевтің айтуынша, жұбайының бала көтергенін білгеннен кейін екі ай бойы үйіне асығып жүрген. Сәбидің жүрек соғысын естігенде қуанғаны сонша, көшеде кездескен адамнан да сүйінші сұрағысы келгенін жазды.

"Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім", – деп жазды актер. Ол кейін не болғанын ашып айтпай, "Үмітімізді үзбейміз" деді.

Отарғалиев бұған дейін де әке болуды көптен бері армандап жүргенін айтқан. 2025 жылдың жазында блогер Елдос Кәдірхановты сәбилі болғалы жатқанымен құттықтап, өзінің де сол сәтті 16 жыл бойы күткенін жеткізген еді.

Жаһан Отарғалиевтің бұрынғы некелері

Бірінші некесі. Отарғалиев 2023 жылы берген сұхбатында алғашқы жұбайымен жеті жыл бірге тұрғанын айтқан. Бірінші некесі туралы ол бұған дейін "Шучу" подкасында да сөз қозғаған. Сол әңгімеде жұмысқа көп уақыт бөліп, отбасына жеткілікті көңіл аудармағанын ажырасудың басты себептерінің бірі деп атады. Бұл сұхбаттарда алғашқы жұбайының есімі аталмаған.

Балжан Бидашпен некесі. Жаһан Отарғалиев екінші рет "КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидашпен шаңырақ көтерді. Актердің айтуынша, ол Балжанды Түркияда кездестірген. Екеуі 2020 жылы некесін қиып, карантинге байланысты кейінге қалған үйлену тойын 2023 жылдың мамырында өткізді. Сол жылдың қыркүйегінде Балжан Бидаш ажырасқанын растады.

Кейін әнші "OZMZ ғой" бағдарламасында ажырасу туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, екеуінің өмірлік құндылықтары мен мінезі үйлеспей, бір-бірін түсіну қиындаған. Балжан мен Жаһан отбасы құрған жылдары кинода да бірге жұмыс істеді. Екеуі 2022 жылы көрерменге жол тартқан "Джохан" комедиясында ойнады.

Жаһан үшінші рет қашан үйленді?

Отарғалиев 2025 жылдың қаңтарында үшінші рет шаңырақ көтеріп, Астанадағы Бас мешітте некесін қидырғанын жариялады. Журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында болашақ жұбайы туралы ортақ танысынан естіп, оған әлеуметтік желі арқылы өзі жазғанын айтты. Үш рет кездескеннен кейін үйленуге ұсыныс жасаған.

Актердің айтуынша, жұбайының екі қызы бар. Ол алғаш танысқанда қыздардың өзін қалай қабылдайтынына алаңдағанын, қазір екеуі де оны "көке" деп атайтынын айтқан. Кейін "Revue News" бағдарламасында қыздарды жақын тартып, қолдау көрсететінін жеткізді.

Жаһан Отарғалиев кім?

Жаһан Отарғалиев – Оралдан шыққан қазақстандық әзілкеш, актер, сценарист және кинопродюсер. Өзінің айтуынша, 2007 жылы КВН ойнап жүрген кезінде Алматыға өнер жолын қууға келген. 2008 жылы КТК арнасындағы екі әзіл жобасына қатысқан. 2011 жылдан бастап төрт жыл бойы "Базар жоқ" әзіл театрына сценарий жазған. 2012 жылы той басқара бастап, 2015 жылы асабалыққа толық ауысқан. Кейін әлеуметтік желідегі қысқа әзіл видеоларымен де танылды.

Кинодағы алғашқы жұмыстарының қатарында 2019 жылы шыққан "My Love Is Aisulu" мен "Кино по понятиям" фильмдері бар. Кейін "Қазақша бизнес Түркияда" комедиясына және "Мой парень – инопланетянин" фильміне түсті.

2022 жылы жарық көрген "Джохан" комедиясы Отарғалиевтің продюсер ретіндегі алғашқы жобасы болды. Ол картинада басты кейіпкерді – қарызға батып, қылмыстық оқиғаға араласып кеткен актерді сомдады. 2023 жылы шыққан "Джохан 2" фильмінде сол рөліне қайта оралып, жалғасының да продюсері болды. Сол жылы көрерменге жол тартқан "Жол" комедиясын да продюсер ретінде қолға алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу