18 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік облыстарда көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жетісуда желдің екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Үш мегаполистегі ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы –2…–4, күндіз +2…+4 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с-қа жетеді.
Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +1…+3, күндіз +8…+10 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте жаңбыр жауып, түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +15…+17 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады.
Барлық 17 облыстағы болжам
Ақмола облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Температура түнде 0…–5, күндіз 0…+5 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысында түнде шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде аздаған қар, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде –1…–6, күндіз –2…+3 градус болады. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Температура түнде –3…+2, күндіз +2…+7 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Өңірдің бірқатар бөлігін тұман басады. Түнде –1…–6, күндіз +1…+6 градус күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 9–14, күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында батысы мен орталығында жаңбыр жауып, солтүстігінде тұман түседі. Түнде –2…+3, солтүстік-шығысында –5 градус болады. Күндіз +9…+14, солтүстігінде +5 градус күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, батысы мен орталығында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде 0…–5, күндіз –3…+2 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, кей аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын солтүстік аудандарды да қамтиды. Түнде –3…–8, шығысында –11, күндіз –3…+2 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашын болмайды. Батысында, шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Түнде –4…–9, күндіз –2…+3 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысында батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысында, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнгі температура негізінен –5…–10, шығысында –14 градусқа дейін төмендейді. Күндіз облыстың басым бөлігінде –2…+3 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, батысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, орталығында аздаған жаңбыр мен қар күтіледі. Көктайғақ болып, бірқатар ауданда тұман түседі. Түнде 0…–5, күндіз 0…+5, оңтүстігінде +8 градус болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, солтүстігінде екпіні 15–18 м/с болады.
Абай облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде –3…–8, күндіз +1…+6, оңтүстігінде +10 градус болады. Шығыстан жел 9–14, оңтүстік-батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде –3…–8, таулы аудандарда –11 градус болады. Күндіз +1…+6, таулы жерлерде –2 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 9–14, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде –2…+3, солтүстігі мен таулы жерлерінде –7…–12 градус болады. Күндіз +7…+12, тауда –3…+2 градус күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, шығысы мен таулы аудандарда екпіні 15–20, шығысында кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде –5…–10, тауда –13, шығысында +2 градус болады. Күндіз +8…+13, таулы жерлерде +2 градус күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, Алакөл маңында 15–20, екпіні 23–28 м/с болады. Түнде кей уақытта жел 30 м/с және одан да қатты соғуы мүмкін.
Жамбыл облысында батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Бірқатар ауданда тұман күтіледі. Түнде +2…+7, солтүстігі мен тауда –2 градус болады. Күндіз +10…+15, таулы аудандарда +7 градус күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14, таулы жерлерде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысында батысында, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде +4…+9, солтүстігі мен тауда –1 градус болады. Күндіз +14…+19, солтүстігі мен таулы аудандарда +6…+11 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан жел 8–13, солтүстігі мен тауда екпіні 15–20 м/с болады.
Қызылорда облысында түнде оңтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде 0…–5, күндіз +3…+8, оңтүстігінде +11 градус болады. Шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.