Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Отбасының тұрмысын бағалау калькуляторы: есеп нәтижесі жәрдемақыға әсер ете ме?

MALIMet •
Отбасының тұрмысын бағалау калькуляторы: есеп нәтижесі жәрдемақыға әсер ете ме?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әлеуметтік жәрдемақы алатын қазақстандықтар отбасының материалдық жағдайын арнайы калькулятор арқылы алдын ала бағалай алады. Оны пайдалану тәртібін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді, деп Malim.kz тілшісі министрліктің ресми хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Есептеу үш кезеңнен тұрады. Алдымен пайдаланушы ЖСН арқылы жүйеге кіреді. Жасы, жынысы, мүгедектігі немесе созылмалы аурулары, ресми жұмысы мен несиелері туралы мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алынады. Оларды тексеріп, қажет болса түзетуге болады. Одан кейін бір мекенжайда тіркелген, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін отбасы мүшелерінің деректері енгізіледі.

Екінші кезеңде мүлік пен табыс көрсетіледі. Пайдаланушының атына тіркелген баспана, жер, көлік, ауыл шаруашылығы техникасы және бизнестегі үлесі туралы ақпарат автоматты түрде шығады. Оны толықтыруға немесе түзетуге болады. Бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкі мен әрқайсысының орташа айлық табысын да көрсету қажет.

Соңында жүйе отбасының тұрмыс деңгейіне алдын ала баға береді. Мәліметтер толық енгізілмесе, есеп нақты жағдайды көрсетпеуі мүмкін.

Министрліктің түсіндіруінше, калькулятор нәтижесі жәрдемақының тағайындалуына, мөлшеріне немесе төленуіне әсер етпейді. Нәтижемен келіспеу не пікір қалдыру да төлемді тоқтатуға негіз болмайды. Сервисті пайдалану жәрдемақыдан бас тарту болып саналмайды.

Мүлік туралы ресми деректердегі қатені түзету үшін eGov арқылы уәкілетті органға немесе әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне жүгінуге болады.

Калькулятор тек eGov.kz пен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Министрлік мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде, бөгде сайттарда және SMS сілтемелерінде тараған нұсқалардың жалған екенін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу