Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

30 миллион доллар ұтқан ер адам байығанын әйелінен жасырып қалған

Оқиға •
30 миллион доллар ұтқан ер адам байығанын әйелінен жасырып қалған
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Лотереядан шамамен 30 миллион доллар ұтқан ер адам бұл жаңалықты әйелі мен баласына айтпаған. Тіпті жүлдесін алуға бет-жүзін толық жасыратын костюм киіп барған. 2022 жылы болған ерекше оқиға туралы Malim.kz тілшісі UPI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырық билеттің бәріне бірдей сандарды белгілеген

Ер адам лотереяға он жылдан астам уақыт бойы қатысып жүрген. Әдетте өзі таңдаған бірдей сандарды белгілейтін болған.

Сол жолы ол шамамен 11 долларға 40 билет сатып алған. Барлық билетте бірдей сандар көрсетілгендіктен, ұтыс комбинациясы сәйкес келгенде әрқайсысына жүлде түскен.

Осылайша, шағын шығыннан кейін оның жалпы ұтысы шамамен 30 миллион долларға жеткен. Алайда ер адам қуанышын отбасымен бөлісуге асықпаған.

Жүлдесін алуға адам танымастай болып барған

Қомақты қаржыны алуға келгенде жеңімпаз сары түсті мультфильм кейіпкерінің костюмін киген. Костюм оның денесі мен басын толық жауып тұрған.

Бұл әрекетінің себебі де болған: ол суреті жарияланған жағдайда жақындарының өзін танып қойғанын қаламаған. Жүлдені алуға жалғыз барған ер адам әйеліне де, баласына да ұтыс туралы айтпағанын жеткізген.

Отбасынан неге жасырған?

Ер адамның түсіндіруінше, ол аяқ астынан келген байлық отбасының өмірге көзқарасын өзгертіп жібере ме деп алаңдаған.

"Әйелім мен балама айтпадым. Өздерін өзгелерден жоғары санап, кейін жұмыс істеуге немесе оқуға ынтасы жоғала ма деп қорқамын", — деген ол лотерея өкілдеріне.

Осылайша, жеңімпаздың айтуынша, құпия сақтауының себебі жақындарының еңбекке және білімге деген ықыласын жоғалтпауын қалағанымен байланысты болған.

Ақшаны қайда жұмсамақ болған?

Жеңімпаз ұтысының бір бөлігін қайырымдылыққа аударған. Ал қалған қаражатты қалай пайдаланатынын сол кезде әлі шешпегенін айтқан.

Басылымдарда отбасының кейін бұл байлық туралы білген-білмегені көрсетілмеген. Жарияланған оқиғадағы ең тосын жайт – миллиондаған доллардың иесі атанған адамның өз үйінде бұл туралы тіс жармауды таңдауы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу