Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енесі келінінің әр ісінен мін тапқан: соттан кейін күйеуі кіммен қалды?

Оқиға •
Енесі келінінің әр ісінен мін тапқан: соттан кейін күйеуі кіммен қалды?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Енесінің күнделікті сыны мен отбасының тірлігіне араласуына наразы әйел ажырасуға қол жеткізген. Күйеуінің ата-анасының ерлі-зайыптылардың жеке өміріне шамадан тыс араласуы сот шешімінде ескерілген, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл оқиға туралы IOL басылымы 2003 жылғы наурызда жазған.

Әйелдің сотта айтқанына қарағанда, енесі оның боянуынан бастап, тамақтануына дейін сынаған. Қызын қалай тәрбиелеп жүргені де ұнамаған. Ал күйеуі анасының әр сөзін тыңдап, соның айтқанынан шықпаған.

Ақыры әйел ажырасуға шешім қабылдаған. Іс елдің ең жоғары апелляциялық сотына дейін жетіп, ол бұрынғы шешімді күшінде қалдырған.

Басылымның хабарлауынша, қызы анасының қамқорлығында қалған. Сондай-ақ әйелге тұрмысқа шыққаннан кейін жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмегені ескеріліп, оны асырауға қаражат тағайындалған. Төлемнің нақты мөлшері көрсетілмеген.

Ал ажырасқан ер адам анасының үйіне қайта көшіп барған.

Бұл оқиға Италияның Васто қаласында болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу